blog Images

Бас имам арнайы жиында баяндама жасады

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы Ақтау қалалық «Достық» үйінде өткен   “Отбасындағы  тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу бағыты” мәселелер жөнінде арнайы жиында баяндама жасады.

Жиында Әнуар Ізімбайұлы  дініміздегі отбасы жауапкершілігіндегі ата-ананың орны, отбасы құндылығы,бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары жайында айтып өтті.Басқосу жиында облыс бас имамы барлық  игі бастамаларға  қолдау білдіретіндігін,алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.Өз кезегінде имамдарымыз қоғамдағы отбасы институтын қалыптастыруға ықпал етуге атсалысатындығын жеткізді.

Қазіргі таңда елімізде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өткір тұр. Бұл ашық айтыла бермейтін, табу тақырыбындағы мәселе десек те болады.Осы ретте, биыл  ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен»Қазақ даласындағы отбасы институты» атты республикалық конференция өткізу жоспарлануда.Конференцияның басты мақсаты-отбасын сақтау,дініміздегі бала тәрбиесі,отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы  сынды өзекті тақырыптарды қамтиды.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»   мешітінің баспасөз қызметі