Бас имам Аппақ елді мекеніндегі намазхана құрылысымен танысты
Маңғыстау облысының бас имамы Ануар Ізімбайұлы салынып жатқан намазхана құрылысымен танысу мақсатында Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекеніне ат басын бұрды.
Бас имам құлшылық ордасының жай-күйін бақылап онда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.Шараға Қарақия ауданының бас имамы Руслан Сержанұлы және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.Аталған намазхана құрылысына атсалысып,қолдау білдіруші барша жұртшылық пен жомарт азаматтарға алғысымызды білдіріп,еселі сауапқа қауышуын тілейміз!
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі