blog Images

«Аталар сөзі-ақылдың көзі»:Аталар мектебінің жиыны өтті

ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Аталар мектебінің» алқалы жиыны өтті.

Аталар мектебі жобасы аясында өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Жиында арнайы алғы сөзді алған облыс  бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», — деп, бір ауыздан қолдау танытты ақсақалдар алқасы.

Жиын соңында  ардагер,ақсақалдар «Бекет ата мешітіне-20 жыл» атты арнайы төсбелгілермен марапатталды.