blog Images

Асқар Болатбекұлы «Ержан Хазірет» мешітінің жамағатымен кездесті

PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қауымдастырылған профессоры Асқар Болатбекұлы Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінің жамағатымен кездесті.

Ақшам мен құптан намаздарының арасында кездесу барысында Асқар Болатбекұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке «Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасы» тақырыбында насихат айтып, ата-бабаларымыз ұстанған сара жолмен жүрудің маңыздылығына тоқталды.