blog Images

Ардақ Нүсіпханұлы орталық мешітте жұма уағызын өткізді

Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында  ҚМДБ  Уақып қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы  Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесіп,»Иман шарттары» тақырыбында жұма уағызын өткізді.

«Иман шарттары» тақырыбында уағыз-насихат айтқан Ардақ Нүсіпханұлы иманмен бірге ықыласпен құлышылық жасап, көркем мінез-құлық иесі де болуымыз маңызды екендігін айтып,жамағатты адамдармен ең көркем мәміледе болуға,иманымызға берік болып,нәпсінің жетегінде кетпеуге шақырды.

Сонымен қатар,иман шарттарына сену,иманның дұрыс болу шарттарына тоқталып,жиналған жамағатқа танымдық ақпарат берді.

 

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспсөз қызметі