blog Images

«Ар-Рахман»мешітінде Мәуліт мерекесіне орай жамағатпен басқосу өтті

 «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданы Атамекен  ауылдық «Ар-Рахман»  мешітінде Пайғамбарымыздың(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай жамағатпен  Мәуліт кеші өтті.

Мешіт бас имамы Қайрат Маманбаев Пайғамбар(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты оқиғалар жайында уағыздар айтып, бірлігі жарасқан ұйымшыл жамағат Алланың ардақты елшісіне салауаттар айтты.Соңынан ақ дастархан жайылып,Құран аяттары оқылды.Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.