«Ар-Рахман»мешіті:Халықаралық қарттар күніне орай дастархан жайылды
Бүгін 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдары және жамағатымен басқосу өтті.
Осы жиын барысында мешіт бас имамы Маманбаев Қайрат қарттарымызға өзінің ыстық лебізді құттықтау сөздерін арнап, ақ сақалды қарияларымызға сый-құрмет көрсетті.
Қарттар — біздің біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті – ата-бабамыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету бұрыннан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел. Сондықтан, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына – сүйеу, жұртына қамқор болып, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, аман-сау күн кешкей. Ал біз қолымыздағы алтындай асылдарымыздың қадірін біліп, ол кісілерге барынша құрмет көрсетейік.
Игі шараға қолдау көрсеткен жанашыр бауырларымызға Алла разы болғай!Садақаларыңызды қабыл етсін!