blog Images

«Ар-Рахман мешіті»:Жамағат арасында сайыс өтті

ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде жамағат арасында  зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс «Отбасы ғылымхалы» және «Ислам ғылымхалы»  кітабынан дәрет,намаз, ораза бөлімінен тесттік  сұрақ-жауап түрінде өткізілді.Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар.Отбасы және ислам құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен зияткерлік сайыс қызықты әрі тартысты өтті.Сайыс соңында жүлделі орын алғандарға арнайы сыйлықтар табысталды.