«Ар-Рахман мешіті»:Такси жүргізушілермен кездесу өтті
ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің азаншысы Бегимов Өтеген аудандық жол-көлік полиция қызметкерлерімен бірлесе отыра такси қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде такси жүргізушілерімен жол қауіпсіздігі жайлы және жол көлік апаттарының алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған кездесуде мешіт қызметкері көлік жүргізудің сүннетке сай тәртіптерін айтып өтті.
Көлік бір тәуекел құралы іспеттес. Техника болған соң, қанша жерден сенуге болады десең де, күтпеген жерде, ойламаған ақауы шығады. Не болмаса, көлік жүргізуді қанша жақсы меңгердім десең де, байқамаған тұстан көлік апатына тап болуың мүмкін. Сондықтан да, көлікті тәуекел құралы дейміз. Қандай жағдай болмасын,көлік ережесін сақтаған адам өзіне және өзгеге зиян келтіруден аулақ болады.
«Мұсылман адам біреуге қолымен де,сөзімен де зиян бермейді»,-деп хадисте айтылғандай,көлік жүргізушілерінің көлікте отырғанда сабыр сақтап,біреудің жолын кеспей,қайта жол беріп сыйластық танытуы-нағыз ерлік.