blog Images

«Ар-Рахман» мешітінің ұжымы қарттар үйін зиярат етті

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінің қызметкерлері және жамағаты 1 қазан-«Халықарық қарттар»күніне орай қаламыздағы қарттар үйіне барып,мерекелерімен құттықтап,қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қайырымдылық шарасы барысында дін қызметкерлері қарттардың қал-жағдайын сұрап, көңілдерін аулап, сыйлықтарын табыстады.

«Қазақта «Қарты бардың қазынасы бар», деген керемет сөз бар. Өмір болған соң, түрлі жағдайлар болады. Десе де, қартын құрметтеген халқымыздың асыл қасиеті әркез жасай береді», дей келе Ар-Рахман мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев осындай ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарды өз ата-анасындай қарап отырған ұжым басшысы мен қызметкерлеріне алғыс білдірді.