“Ар-Рахман” мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді
Бүгін Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Құрбан айт намазынан соң,”Ар-Рахман” мешітінің ауласында қазақы ақбоз үй тігіліп, мерекелік дастархан жайылды.
Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мерекенің құрметіне жайылған ақ дастархан басында мешіттің бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы барша жиналған жамағатқа Құрбан айттың шығу тарихы мен мән-маңызы,Құрбан шалудың сауабы жайлы насихат айтты.Жиын соңында ата-бабалар рухына Құран бағышталып,ел амандығы үшін дұға жасалды.



