blog Images

“Ар-Рахман” мешітінде “Имани жаз-2025” діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде өткен “Имани жаз-2025» жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады.

Жазға сауат ашу курсын 30 ер бала 20қыз бала аяқтады. Бір айға жалғасқан курста балалар Құран және тәжуид, ислам әдептері, мұсылманның 40 парызын және көптеген дұғаларды жаттау бойынша білім алды.Сауат ашу курсын аяқтаған әрбір шәкірт сертификатпен марапатталды.