“Ар-Рахман” мешітінде Амал мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өтті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық “Ар -Рахман” мешітінде Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген Амал мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында мешіт бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы барша жанды көктем мен жаңаруды айшықтайтын Амал мерекесімен құттықтап,35 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді үлестірді.


