“Ар-Рахман” мешітінде Алла Тағаланың 99 есімін жатқа айтудан жарыс өтті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Мұнайлы ауданы Ар-Рахман мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында Алла Тағаланың 99 есімін жатқа айтудан жарыс өтті.
Жарыс барысында қатысушылардың Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жаттау пысықтығы, әріптердің махраджы (дұрыс шығарылуы), орындау мақамы сынды талаптарға мән берілді.Сонымен қатар, барлық қатысушыларға Алла тағаланың 99 есімін жатқа жаттағаны үшін марапаттау қағаздары табысталды.


