blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: «Darhan Dala» жобасы жалғасуда

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Маңғыстау ауданына рухани сапармен барды.

Аталмыш сапар барысында мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы бастаған көпшілік Шопан ата қорымы және жерасты мешітіне, сондай-ақ Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне тоқтап, ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттарын бағыштады.