

«Ар-Рахман» мешіті 35 отбасыға қайырымдылық жасады
Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде Шағбан айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Игі шара барысында мешіт қызметкерлері 35 көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасыларға бір айлық күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктер салынған себеттер таратты.
«Ар-Рахман» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Шағбан айында жасаған ізгі амалдарымызды Алла қабыл еткей!