blog Images

«Ар-Рахман» мешіті: 100 балаға Құрбан айт базарлығы үлестірілді

Құрбан айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Ізгі шара барысында мешіт имамы Қайрат Қошкелдіұлы және құлшылық үйінің ұстаздары Құрбан айттың мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 100 шәкіртке тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестіріп берді.