

«Ар-Рахим»мешітінде 20 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Қасиетті Рамазан айында Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Ізгілікті шарада әлеуметтік аз қамтылған,көпбалалы 20 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған себеттер таратылды.
Мешіт бас имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы көмек алған жандарға Қасиетті Рамазан айымен құттықтап,Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық,отбасыларына береке тілеп, тыныштық тілеп, дұға жасады.