blog Images

«Ар-Рахим»мешіті «Өмірге үміт сыйла»акциясына үлес қосты

ҚМДБ «Зекет» және қайырымдылық қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында «Ар-Рахим»мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Жанашыр жамағат пен кәсіпкер азаматтардың қолдауымен 2-ші топ мүмкіндігі шектеулі Анетов Дәулет бауырымызға қуаныш сыйлап,жүріп тұруға ыңғайлы техника(самокат) сыйға берілді.Қайырымдылық көмек алған жан жанашыр жандарға алғысын білдіріп,еңбектеріне береке тіледі.