“Ар-Рахим” мешітінің имамы мектеп оқушыларымен кездесті
Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы жергілікті “№7 жалпы білім беретін мектеп” оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Заир Мұхаммадюсуфұлы «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларына насихат айтты.
Жиын барысында жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің себебі, діни экстремисттердің түпкі мақсаттарының не екендігін, оның алдын – алу жолдары талқыланды.Сондай -ақ,кездесу соңынан оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып,мешіт имамы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.


