blog Images

«Ар-Рахим» мешітінің имамы мәдениет үйінің ұжымымен кездесті

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы жергілікті  Мұнайшы ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен кездесу өткізді.

Жергілікті мәдениет үйі азаматтарына жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан шара барысында «Терроризм және интернет» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларыммен бөлісті. Дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.