blog Images

«Ар-Рахим» мешіті:7 отбасыға қайырымдылық жасады

Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің  бас имамы Мұхаммадюсуфұлы Заирдың және жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 7 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.