blog Images

«Ар-Рахим» мешіті: «Дін мен дәстүр»кітабы бойынша сайыс өтті

Қарақия ауданында орналасқан Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің ұйымдастыруымен  мешіт жамағаты арасында«Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өткізілді.

Мақсаты – қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде қолданатын діни рәсімдерді, салттық, ғұрыптық дүниелердің дінмен  байланысы,  жоралғылар мен рәсімдер, өнер, спорттық іс-шаралар, қазақтың ұлттық ойындары, мәдениетінің түп негізінің дін рәсімдерінен алынғандығын, сабақтастығын айқындау.

Жарыс ҚМДБ сараптамасы арқылы жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша дайындалған тест сұрақтар бойынша өтті.Жалпы білім сайысына 15 қатысушы қатысып,өзара жарысқа түсті.Сайыс соңында жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы сыйлықтар тарту етілді.