Ақтауда Жарапазан жыры айтылды
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Дін мен дәстүр бағыты аясында бүгін Ақтау қаласының көшелерінде жарапазан жыры айтылды.
Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында өткен игі шараға облыс бас имамы,Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің қызметкерлері,өнерпаздар,балалар,ақсақал,әже-апалар қатысты.Жарапазан – он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр.
Дәстүрлі шара соңында облыс бас имамы барша жанды қасиетті Рамазан айымен,сондай-ақ ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап,игі шараға қатысқан жандарға алғыс айтты.












