Ақтау қаласында»Идеал отбасы» атты рухани кеш өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында «Идеал отбасы» атты рухани кеш өтті.
Рухани кеш облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Али ұстаздың Алланың кәламы Құран кәрім оқуымен басталды. Кештің алғы сөзін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандық ұлы бастап, облыс бас имамының құттықтауы мен ыстық ықыласын жеткізді.Ары қарай кеш қонағы Нұр -Мүбарак университетінің профессоры, ҚМДБ ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әділбаев Алау Шайқымұлы ұстаз «Исламдағы әйелдің рөлі» тақырыбында насихат айтты.
Рухани кештің негізгі мақсаты жақында ғана жарық көрген «Идеал отбасы» кітабын халыққа таныстыру болатын. Аталған кітаптың авторы кештің арнайы қонағы Нұр-Мүбарак Университеті профессоры PhD доктор Әділбаева Шәмшат Амангелдіқызы өз кезегінде кітапты таныстырып, Отбасы құндылықтары және идеал отбасы болу үшін арнайы фокустар мен стратегияларға тоқталды. Рухани кеш әсем ән мен жалғасын тапты. Кеш соңында облыстық әйел-қыздар секторы жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы қазіргі таңда отбасылардың түсініспеушілігінің көптеп орын алып жатқанын, отбасы тақырыбындағы кітаптардың көптеп насихатталуы тиістігін атап өтіп, Маңғыстауға арнайы ат басын бұрған ғалым ұстаздарға алығысын білдірді.