Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің шәкірті республикалық жарыста І орынға ие болды
Жасөспірімдер арасындағы V республикалық Құран жарысында 30-шы параны жатқа оқу аталымы бойынша І орынды ақтаулық Ерасыл Асхатұлы иеленгенін қуанышпен хабарлаймыз.
«Ерасылдың мешітке келіп, сауат ашу курсына қатысқанына 3 жылдай уақыт болды. Өте зерек, алғыр, жауапты шәкірттерімнің бірі. Үнемі ізденіп жүреді, сабақтан қалмайды. Осы сайысқа көп дайындалып едік, үмітіміз ақталды», деді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Ерменбет Құралбайұлы.