blog Images

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Мешіт тізіміндегі отбасылардың мектеп жасындағы 35 ұл-қыздарына қыстық киімдер таратты. Сапалы, жылы әрі қымбат бағалы сырт киімдер көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді.
— Алла Тағала Қасиетті Құранның әрбір сүресінде қайырымдылық жасаудың, өзгеге көмек берудің, әлсізді қолдаудың, тіпті кез келген мұсылманға  күлімсіреп қараудың өзі сауап екені айтылады. Жасалған іс, атқарылған шаруа тек Алланың разылығы үшін болуы тиіс. Бүгінгі шара да ең ізгі жүректен, шынайы көңілден жасалып отыр. Түрік елінен әкелінген сапалы да бағалы киімдерді еліміздің болашағы, бүгінгі бала, ертеңгі азаматтарға қуана-қуана сыйға тарттық,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.
Исламда қайырымдылық жасау, өзгені қуанту, мұқтажға қолдау көрсету- ең сауапты іс саналады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрағанда, «Ең жақсы адам-қоғамға, елге пайдасы тиген пайда» деп жауап беріпті.
Олай болса, жалпы жұртқа шарапат шашып, мейірімділік таныту- әрбір адамның борышы.


Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі