blog Images

«Ақшұқыр»ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітіне бас  имам қызметіне  Асга Юнес Қадырқұлұлы тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмырбаев Жұмабай  оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына бас  имамдық қызметке тағайындалған Юнес  Қадырқұлұлын  таныстырды.

Сондай-ақ,Юнес Қадырқұлұлы осы уақытқа дейін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата »мешітінде наиб имам қызметін атқарған.