blog Images

«Ақшұқыр»ауылдық мешітінде мерекелік жиын өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде Жұма намазынан кейін Мәуліт мерекесіне орай  және облысымызда өтетін ХІI Республикалық Құран жарысқа келген қатысушы қонақтардың құрметіне  арнап дастарқан жайылып,дәм берілді.

Бұл жиынның мақсаты Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айту және келген қонақтарға жылы лебіз таныту.
Мерекелік жиынға Маңғыстау облысының көптеген имамдары, жарысқа қатысушы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80-нен астам  Қарилар және ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты қатысты.Берекелі отырыста өңірге танымал имамдар келген халыққа пайдалы уағыз насихаттар айтты. Жиналған жұрт — Қарилардың әуезді дауыстарына тәнті болды.
Қасиетті Құран  Кәрімді жаттаған Қарилардың өңірімізге келіп Алланың қасиетті сөзін оқуы, еліміздің өсіп өркендеуіне себеп болды деп білеміз.