blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақшұқыр ауылдық мешіті Қасиетті Рамазан айына дайындықты мешітті күрделі жөндеу жұмыстарынан бастады.Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлының бастамасымен мешітте толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кілемдері жаңартылды.Мешітке келуші жамағатқа, емін-еркін құлшылық жасау үшін толықтай жағдай жасалды.