blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Уақып” қоры атынан ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айында Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылындағы Асар ата рухани орталығындағы Қарилық медресесінде Құран жаттап жатқан шәкірттер мен Ақшұқыр  ауылдық мешіт жамағаттарына “Уақып” қоры атынан ауызашар берілді.

Игі шара барысында “Уақып” қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілі,Ақтау қалалық “Ержан хазрет” мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы  “Уақып сарқылмас қазына” атты тақырыпта уағыз айтып,жамағатты Алла жолында уақып садақа жасауға шақырды.