blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде үстел теннисінен спорттық турнир өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақшұқыр ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жамағат арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.

Мұсылман адам қадіріне жете бермейтін екі нәрсе бар: бірі бос уақыт болса, екіншісі денсаулық. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат: салауатты өмір салтын сақтау және бос уақытты пайдалы өткізуге негізделген.Спорттық шараға жалпы саны 20 адам қатысты. Жарыс нәтижесінде 1-орынды Нұр Дастан, 2-орын Тәңірберген Нұрлыбек иеленсе, 3-орын Мақсат Рауанға бұйырды. Жүлделі орын иелері диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.