blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде спорттық шара өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде медресе шәкірттері арасында футбол ұйымдастырылды. 

«Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ хадисі негізінде, балаларды жан-жақты дамытуға байланысты спорттық шара өткізілді. Қазіргі таңда медреседе 40-қа жуық бала Қасиетті Құранды жаттап жатыр. Мешіт және медресе қызметкерлері алдағы уақытта балалардың бос уақыттарын үнемді әрі пайдалы өткізуге байланысты көптеген шаралар ұйымдастырылатынын айтып өтті.