blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Рамазан сыйы” қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Рамазан сыйы” Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Садақаның ең абзалы – Рамазан айында берілген садақаРАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Юнус Қадырқұлұлы ізгі шараның бастамасын бастап, жиналған жамағатқа Рамазан айында мұсылмандардың бір-біріне жәрдемші болуға, бір-біріне жанашыр болуға шақырды.

Берекелі шарада 50 отбасыға азық-түлік қорапшалары таратылды. Мешіт жамағаты шараға атсалысып, әр отбасыны көліктерімен үйлеріне дейін жеткізіп, ауыл тұрғындарының ықыласына бөленді.

Берекелі шараға себеп болған “Ақтау халықаралық әуежайы” ұжымына мың алғыс білдіреміз!Алла сауапты амалдарыңызды қабыл етсін!