Ақшұқыр ауылдық мешітінде Ораза айт мерекесі тойланды
Ақшұқыр ауылдық мешітінде Ораза Айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді
Мұсылмандардың Қасиетті Айт мерекесі құлшылықпен басталады. Айт намазын оқуға 600-дан астам қатысты.Мешітке келуші жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, ас берілді.РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Юнус Қадырқұлұлы дін қызметкерлеріне және жамағат белсенділерін алғысхатпен марапаттады.Астан кейін ақсақалдардың батасын алып, Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда: қазақша күрес, ләңгі тебу, асық ату, қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру. Жүлделі орын иелеріне сыйлықтар беріліп, мақтау қағазымен марапатталды.Мешітке келуші бүлдіршіндерге батуттар тігіліп, 400 балаға тәттілер таратылды.











