Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы жалғасын тапты
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті.
Білім алу әрбір мұсылманға парыз. Білім алушы аз қамтылған отбасыларға және мешітте сауат ашу курсын аяқтаған 40 балаға мектепке қажетті сөмке, құрал жабдықтар және киімдер таратылды.
Игі шараға атсалысқан мешіт жамағаты мен демеушілер балалардың қуанышына себепкер болып, олардың білім жолындағы қадамына қолдау көрсетті.
Бұл қайырымдылық шарасы – жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыруға және олардың жүрегіне қуаныш сыйлауға бағытталған ізгі бастама болды.

