blog Images

«Ақшұқыр» ауылдық мешітінде медресе шәкірттері арасында футбол ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде медресе шәкірттері арасында футбол ұйымдастырылды.

«Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ хадисі негізінде, балаларды жан-жақты дамытуға байланысты спорттық шара өткізілді.Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Екі нығмет бар, көпшілік адам сол екі нығметтің қадірін білмейді: бірі – денсаулық, екіншісі – бос уақыт».

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат: балалардың денсаулығын жақсарту және балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге негізделген. Сонымен қатар бұл спорттық шара тұрақты түрде аптасына бір рет күн тәртібіне енгізілген.