blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде дәстүрлі садақ атудан сайыс өтті

Қасиетті Рамазан айына орай,Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешіті жамағаты арасында дәстүрлі садақ атудан жарыс өтті.

Садақ ату – шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты етеді.Әділетті халифалардан болған Омар Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген. Имам Мүслімнен келген бір хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтыпты: «Расында, күш – садақ атуда».Жарысты ұйымдастырудағы мақсат Пайғамбарымыз(с.а.с.) сүннетіне амал ету және бос уақытты пайдалы өткізуге негізделген.

Дәстүрлі садақ атудан өткен жарысқа 20-дан астам мешіт жамағаты мен шәкірттер қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша:
1-орын Мурзашев Берік
2-орын Оңғаров Парасат
3-орын Сапарбаев Махмудқа бұйырды. Жүлделі орын иелері диплом және сыйлықтармен марапатталды.