Ақшұқыр ауылдық мешітінде білім сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Әл-Уәфи” Имам Нәуәуи таңдаған 40 хадис кітабын жатқа оқудан жамағат арасында жарыс өткізілді.
Пайғамбарымыз(с.а.с.): “Кімде-кім үмбетім үшін дін ісіне қатысты қырық хадисті жатқа білсе, Оған: Жәннатқа өзің қалаған есіктерінен кір деп айтылады” – деген.
Жарысты ұйымдастырудағы мақсат: жамағаттың білімге деген ынтасын арттыру, берекелі Рамазан айын пайдалы өткізуге негізделген.
Жарыс нәтижесі:
1-орын Рахман Айтбек (50.000₸) қаржылай сыйлық
2-орын Шаукаров Рамазан (30.000₸) қаржылай сыйлық
3-орын Пилтан Мухаммад (20.000₸) қаржылай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға қаржылай ынталандыру сыйлықтары берілді.






