blog Images

«Ақшұқыр» ауылдық мешітінде апталық «Имандасу» сабағы өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде апталық «Имандасу» сабағы болып өтті.

Апталық жиынға мешіт жамағаты мен ауыл ақсақалдары қатысты.Бұл  ізгі шараны ұйымдастырудағы мақсат- жамағат ынтымағын арттыруға байланысты бағытталған. Жиында Құрандағы қиссалар жайында уағыз-насихат айтылды.
Жиын соңында ауыл ақсақалдарының ұсынысымен ел тыныштығы үшін және Палестинада болып жатқан жағдайға байланысты Ақшұқыр медресесі қарилары Құран оқып, дұға жасалды. Мешіт имамдарының ұйымдасуымен мұндай ізгі шара әр аптаның сенбі күні тұрақты болып өтуін айтып өтті.