blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Апталық имандасу» сұхбаты өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде кезекті апталық «Имандасу» сабағы болып өтті.

Берекелі жиынға медреседе оқып жатқан шәкірттердің ата-аналары және мешіт жамағаты қатысты. Жалпы жиынға 50-ге жуық адам қатысты. Рант мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас  имамы Юнус Қадырқұлұлы келген жамағатқа пайдалы насихатымен бөлісті.
Сонымен қатар мешіт және медресенің әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты пікірлер талқыланып, нақты жоспарлар құрылды.