blog Images

“Ақшұқыр” ауылдық мешітінде “Апталық имандасу” сабағы өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде кезекті апталық «Имандасу» сабағы болып өтті.

Берекелі жиынға 50-ге жуық адам қатысты. Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы келген жамағатқа “Исламға қызмет етудің дүниедегі және ақыреттегі пайдасы” тақырыбында уағыз-насихатымен бөлісті. Жиынға қатысушы жамағат өзара жақыннан танысып, алдағы уақыттағы мешіт жамағатын дамытуға бағытталған нақты жоспарлармен бөлісті. Берекелі отырыстың соңы ауыл ақсақалдарының батасымен аяқталды.