blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде «Апталық имандасу» сабағы болып өтті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде кезекті апталық «Имандасу» сабағы болып өтті.

Берекелі жиынға «Сайын» мешіті ұстаздары мен жамағаты шақырылды. Жиын басында РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Юнус Қадырқұлұлы игі дәстүрге айналған апталық шараның мақсаты — мешіттер жамағатының ауызбіршілігін арттыру, бауырмалдық қатынасты нығайтуға бағытталғанын айтып өтті.
«Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінің имамы Сәбит Егізханұлы сөз бастап, жылы лебізін білдірді. Екі мешіт жамағаты өзара танысты және келген жамағатқа Сайын ауылдық мешітінің найб имамы Досанов Арман өзінің пайдалы насихатымен бөлісті. Жиын соңында алдағы уақытта осындай іс шараларды дамытуға байланысты ой пікірлер ортаға тасталып талқыланды.