blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешіті:«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы аяқталды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітіне қарасты «Асар Ата» рухани орталығында жазғы сауат ашу курсының 2-ауысымы аяқталды.

Жазға сауат ашу курсын 50 бала аяқтады. Бір айға жалғасқан курста балалар Құран және тәжуид, ислам әдептері, мұсылманның 40 парызын және көптеген дұғаларды жаттау бойынша білім алды. Балалар білім алумен қатар түрлі спорттық шараларға қатысты.

Сауат ашу курсын аяқтаған әрбір шәкірт сертификатпен марапатталды.