Ақшұқыр ауылдық мешіті:”Әдемі әуезді азаншы” жарысы өтті
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешіті жамағаты арасында “Әдемі әуезді азаншы” жарысы ұйымдастырылды.
Ислам дінінде азанның алар орны ерекше екені белгілі. Азан – ислам дінінің бес парызының бірі – намазға шақыруды білдіреді.Жарысты ұйымдастырудағы мақсат: Қасиетті айда жамағаттың бос уақытын үнемді өткізу және дауысы керемет азаншыларды қоғамға таныту.
Азан сайысына 20-ға жуық адам қатысып, жарыс нәтижесі бойынша:
1-орын Язид Шахобиддин
2-орын Тәңірберген Райымбек
3-орын Омарханов Мухаммад иеленді. Жүлделі орын иелері диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.








