blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешіті жылдық жоспар бекітті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешіті 2024жылға арналған  жылдық жоспар бекітті.

Мешіттің бас имамы Юнус Қадырқұлұлының ұйымдасуымен мешіт және медресе қызметкерлеріне арналған жиында көптеген маңызды шаралар талқыланды:

— ҚМДБ бекіткен бес бағытта арнайы жеке жеке шаралар өткізуге байланысты тапсырмалар берілді.
— Мешіт қызметкерлеріне қатысты кезекшілік журнал арналды.
— Мешітте намазға ҚМДБ тарапынан бұйрығы бар имамдардың имамдыққа шығу мәселесі нақтыланды.
— Некені тек ҚМДБ тарапынан бұйрығы бар имамдардың атқаруымен болуы бекітілді.
— Бесін, ақшам уағыздарына байланысты кезекшілік белгіленіп, қызметке жауаптылықпен қарау тапсырылды.
— Мешіт және медресенің ішкі және сыртқы тазалықтарына қатты мән беруге байланысты тапсырмалар жүктетілді.
— Мешіт және медресенің әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты пікірлер ұсынылды.