«Әл-Хаким» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған айына орай Мәуліт мерекесі атап өтілді.
Бұл күні Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мыңдаған салауаттар айтылып, Құран оқып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп қайырлы істерді көптеп жасап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тарихынан сыр шерту қажет. Хадис шәрифтте: «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады»,-деген.
Осы ұлық мерекеге орай «Әл-Хаким» мешітінде арнайы ақ дастархан жайылып, Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолынан сыр шертілді.
Жиынға ауданға қарасты мешіт имамдары және мешіт ақсақалдары мен қатар, мешіт жамағаттары да қатысты. Айтулы мерекеге жиналғандарға мәуліт оқылып, «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтылды. Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасты.