blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде айлық отырыс өтті

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттың қаңтар айындағы айлық отырысы өтті.

Қасиетті Ережеп айымен сәйкес келген бұл игі шара барысында мешіт имамы Ұзақбай Жанабаев жамағат ауызбіршілігі мен Ережеп айының қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтты. Мешіт істері туралы кеңесіп, жамағат сұрақтарына жауап берілді.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.