«Әль-Хаким»мешіті:Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Республика күніне орай ұйымдастырылған игі іс шаралардың бірі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіріп,қайырымдылық шарасы өтті.
Қарттарымыз- қазынамыз дей отыра,мешіт ұжымы қарт кісілерді Республика күнімен құттықтап,қал-жағдайын сұрап қайтты.Одан бөлек,мешіт ауласына сенбілік ұйымдастырылды.Жамағатпен жасалған сауабы мол шарада бір үйдің баласындай атсалысып,мешіт ауласы тазартылды.Және де мешіт ауласында қазақ үй тігіліп ,ақ дастархан жайылып ас берілді.Жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шаралар барысында мешіт қызметкерлері жасөспірімдерге,мешіт оқушыларына,ересектерге,ауыл азаматтарына мемлекеттік ту таратты.