blog Images

«Әль-Хаким»мешіті:қыздар арасында Құран оқудан жарыс өтті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің  ұйымдастыруымен өткен «Мәуліт-мүбәрак айы «атты іс-шарада қыздар арасында Құран оқудан жарыс өткізілді.

Шәкірттердің білім деңгейі ауыз толтыра айтатындай өте жақсы дәрежеден байқалды. Жарыс өте қызықты да қызу форматта өткізілді. Ізгі шарада Пайғамбарымызға салауаттар айтылып,мәуліт жыры оқылды.Шара соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үлестіріліп,ақ дастархан жайылып ас берілді.Осындай жастарымыздың имани, адами құндылықтарын насихаттайтын, тек жақсылыққа тәлім-тәрбие беретін, елдің, халықтың болашағын баянды етуіне тікелей үлес қосатын іс-шараларымыз көбейе берсін!